User manual

Құрылғының металл беттерін әдетте қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Пештің ішін әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Пештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бәрін әр пайдаланып болған сайын
тазалаңыз.
Пештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Тұмшапештің төбесі
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау үшін, тұмшапештің төбесіндегі
қыздырғыш элементті төмен жиып қоюға болады.
Назарыңызда болсын!
Қыздырғыш элементті құрылғыны өшіргеннен кейін ғана төмен жию керек.
Құрылғының суығанына көз жеткізіп алыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Қыздырғыш элементті төмен қайыру
1. Сөренің сырғытпа жолдарын
алыңыз.
2. Қыздырғыш элементті екі қолдап
алдыңғы жағынан ұстаңыз
3. Оны серіппенің серпіліс күшіне
қарсы алға қарай тартыңыз да, екі
жағындағы тірегіштерімен қоса
алыңыз.
4. Қыздырғыш элемент төмен қарай
қайырылады.
Тұмшапештің төбесі тазалауға
дайын тұр.
Қыздырғыш элементті орнату
1. Қыздырғыш элементті әрекеттерді керісінше орындай отырып
орнатыңыз.
Қыздырғыш элементті пештің ішкі екі жақ жанында орналасқан тірегіштің
үстіне дұрыс орнатыңыз.
2. Сөренің сырғытпа жолдарын орнатыңыз.
Күту менен тазалау
23