User manual
Бос пешті әрқашан гриль функциясымен 5 минут алдын ала қыздырыңыз.
• Сөрені гриль жасау кестесінде ұсынылған сөре қатарына қойыңыз.
• Аққан майды жинау үшін табаны сөре қойылатын бірінші қатарға
қойыңыз.
• Ет немесе балықтың жалпақ етіп дайындалған кесектерінен ғана гриль
жасаңыз.
Пештің қай функциясын қолдануға болатынын көру үшін Күнделікті
қолдану тарауындағы пеш функцияларының тізімін қараңыз.
Гриль жасалатын
тағам
Сөре қатары Уақыт
1-ші жағы 2-ші жағы
Бургер 4 8 - 10 мин. 6 - 8 мин.
Шошқа филесі 4 10 - 12 мин. 6 - 10 мин.
Шұжықтар 4 8 - 10 мин. 6 - 8 мин.
Филеден
жасалған стейк,
бұзау етінен
жасалған стейк
4 6 - 7 мин. 5 - 6 мин.
Сиыр етінің
филесі, ростбиф
(шамамен 1 кг)
3 10 - 12 мин. 10 - 12 мин.
Қыздырылған
нан
1)
3 4 - 6 мин. 3 - 5 мин.
Үстінде
қоспалары бар
қыздырылған нан
3 6 - 8 мин. -------
1) Алдын ала қыздырмаңыз
Консервлеу
• Консервлеу үшін әдетте қолданылатын, көлемдері бірдей
қалбырларды ғана қолданыңыз.
• Бұралмалы, не болмаса тығын тәрізді қақпақтары бар металл
қалбырларды қолданбаңыз.
• Астынан санағанда сөре қойылатын бірінші қатарды қолданыңыз.
• Пісіру табасын қолданыңыз. Оның үстіне алты 1 литрлік банкаларды
қоюыңызға болады.
• Банкалардың барлығын бір деңгейге дейін толтырып, дұрыс жабыңыз.
• Банкаларды табаға қойыңыз да, олардың бір-біріне тимей
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
• Пештің ішінде жеткілікті бу пайда болу үшін жалпақ пісіру табасына 1/2
литр су құйыңыз.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
19










